Меню

Страницы

Статья

Құжаттарды заңдастыру

Құжаттарды заңдастыру құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатында лауазымды адамның қойған қолы мен құжаттардағы мөрдің түпнұсқалығын белгілеу және куәландыру болып табылады.

Құжаттарды заңдастыруды:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері;
  • Қазақстан Республикасының аумағында – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (Астана қ.), ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігі жүзеге асырады.

Жеке тұлға үшін:

  • еркін нысандағы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  • заңдастыруға жататын құжат;
  • консулдық алым төленгенін растайтын құжат;
  • өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) (құжаттарды заңды өкіл немесе құжат иесінің атынан сенімхат бойынша уәкілетті адам берген кезде).

 Заңды тұлға үшін:

  • еркін нысандағы өтініш;
  • өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  • заңдастыруға жататын құжат;
  • консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
  • заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйесінен мәліметтер не заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін растайтын өзге де құжат (шетелдіктер үшін);
  • өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) (құжаттарды заңды өкіл немесе құжат иесінің атынан сенімхат бойынша уәкілетті адам берген кезде).
  • Заңдастыруға құжаттардың тұпнұсқалары, сондай-ақ олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері қабылданады.
  • Шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуы және оларды аудармашы немесе аударма қызметтерін көрсететін ұйым куәландыруы тиіс.

Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған және Қазақстан Республикасының тысқары жерлерде әрекет жасауға арналған құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереженің 10-тарауында бекітілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Заңдастыруға жатпайтын құжаттар:

  • уәкілетті тұлғаның қолы мен мөрі жоқ құжаттар;
  • уәкілетті тұлғаның қолы мен мөрі бастапқы құжатында қойылмаған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері мен аудармалары;
  • электрондық құжаттар;
  • туу туралы куәліктен басқа, жеке басты куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары.
  • жеке немесе заңды тұлға қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 3 жұмыс күні;
  • қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда - 30 күнтізбелік күн, бұл ретте, мерзімдерді ұзарту туралы ақпарат қызмет алушыға жазбаша нысанда хабардар етіледі.
  • Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
  • Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.
  • Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы.
  • 35 АҚШ доллары

Төлемақы әрбір заңдастырылатын құжатқа жеке алынады. Төлемақы заңдастырылатын құжат иесінің атынан жүзеге асырылады.

         Қазақстан Республикасы 1961 жылғы шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Гаага конвенциясының мүшесі болып табылады.

         Қазақстан Республикасы шетелдік ресми құжаттарды заңдастырылуын талап етуді жоятын Гаага конвенциясына мүше мемлекет болып табылады. Гаага конвенциясына сәйкес, бір мемлекеттің құзыретті органдарымен жасалған және Гаага конвенциясына қатысушы басқа да мемлекеттің аумағында қолдануға жататын құжаттарға «апостиль» мөрі қойылады. Гаага конвенциясына мүше мемлекеттердің бірінде құжат апостильмен бекітілген жағдайда, ол басқа конвенцияға мүше мемлекетінде ешқандай шектеусіз қабылданады.

1961 жылғы Гаага конвенциясының қатысушы-мемлекеттер:

 

 

 

Америка Құрама Штаттары (АҚШ)

Мексика

Аустралия

Молдова

Аустрия

Монако

Азербайжан

Моңғолия

Албания

Марокко

Андорра

Намибия

Антигуа және Барбуда

Нидерланды

Аргентина

Никарагуа

Армения

Ниуэ

Багамы

Жаңа Зеландия

Бангладеш

Норвегия

Барбадос

Оман

Бахрейн

Оңтүстік Африка Республика

Белиз

Өзбекстан

Белоруссия

Кука аралдары

Бельгия

Пәкістан

Болгария

Палау

Боливия

Панама

Босния және Герцеговина

Парагвай

Ботсвана

Перу

Бразилия

Польша

Бруней Даруссалам

Португалия

Бурунди

Ресей Федерация

Вануату

Руанда

Венесуэла

Румыния

Гайана

Сальвадор

Гватемала 

Самоа

Германия

Сан-Марино

Гондурас

Сан-Томе және Принсипи

Гренада

Сауд Арабия

Греция

Сингапур

Грузия

Солтүстік Македония

Дания

Сейшел

Доминика

Сенегал

Доминикан Республикасы

Сент-Винсент және Гренадины

Жапония

Сент-Китс және Невис

Израиль

Сент-Люсия

Индия

Сербия

Индонезия

Суринам

Ирландия

Словакия

Исландия

Словения

Испания

Тәжікстан

Италия

Того

Кабо-Верде

Тринидад және Тобаго

Канада

Түркия

Кипр

Тунис

Колумбия

Украина

Корея Республикасы

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия

Коста-Рика

Уругвай

Косово

Фиджи

Қазақстан

Филиппин

Қырғызстан

Финляндия

Қытай (ҚХР)

Франция

Латвия

Хорватия

Лесото

Черногория

Либерия

Чехия

Литва

Чили

Лихтенштейн

Швейцария

Люксембург

Швеция

Маврикий

Эквадор

Мажарстан

Эстония

Малави

Эсватини

Мальта

Ямайка

Маршалл аралдары

 

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Канада, Онтарио провинциясы, Оттава қаласы, меткальф көшесі, 150, 7 қабат
(Suite 702, 150 Metcalfe Street, Ottawa, ON, K2P 1P1, Canada)

Телефон арқылы хабарласыңыз: +1-613-695-86-23 (9) және / немесе электрондық пошта: consul.ottawa@mfa.kz, consul.ottawa@gmail.com .

Дата публикации
06 марта 2024
Дата обновления
31 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

31 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
31 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
30 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

twitter
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы