Меню

Страницы

Статья

Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу

  • Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.
  • Медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі (салыстыру үшін).
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
  • Көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш білдірген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
  • Қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат (салыстыру үшін).

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • ҚР шет елдегі мекемеге өтініш берген кезде – 3 жұмыс күні;
  • портал арқылы – 1 жұмыс күні.
  • Тегін 

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Канада, Онтарио провинциясы, Оттава қаласы, меткальф көшесі, 150, 7 қабат
(Suite 702, 150 Metcalfe Street, Ottawa, ON, K2P 1P1, Canada)

Телефон арқылы хабарласыңыз: +1-613-695-86-23 (9) және / немесе электрондық пошта: consul.ottawa@mfa.kz / consul.ottawa@gmail.com.

Дата публикации
02 января 2024
Дата обновления
28 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

31 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
31 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
30 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

twitter
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы