Қазақстан мен Норвегия ұлттық қорлардың қызметі саласында ынтымақтастық орнатуда

Қазақстан мен Норвегия ұлттық қорлардың қызметі саласында ынтымақтастық орнатуда

2025 жылғы 10-11 наурыз аралығында Қазақстан Ұлттық Банкінің делегациясы, оның құрамында Төрағаның бірінші Орынбасары Ерұлан Жамаубаев, Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов және Монетарлық операциялар департаментінің Талдау және тәуекелдерді басқару бөлімінің басшысының орынбасары Жайық Ботабаев Осло қаласына іссапармен келді.

Сапар бағдарламасы аясында «Norges Bank» төрағасының орынбасары Пол Лонгвамен, «Norges Bank Investment Management» Бас атқарушы директорының орынбасары Тронд Грандемен, Норвегия Қаржы министрлігінің Активтерді басқару департаментінің инвестициялық директоры Том Фернлимен және Норвегияның Қазақстандағы Елшісі Джон Микаль Квистадпен кездесулер өтті.

Келіссөздердің негізгі тақырыбы Норвегияның Мемлекеттік зейнетақы қоры (Government Pension Fund Global) қызметінің озық тәжірибесін зерттеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры үшін мүмкін болатын тұжырымдарды талқылау болды.