Құрметті достар!
17 қарашада УЕФА Ұлттар Лигасының іріктеу туры аясында Осло қаласындағы «Ullevaal» стадионында Қазақстан мен Норвегия ұлттық футбол құрамалары кездеседі.
Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі Қазақстан футбол федерациясымен бірлесіп Қазақстан құрамасының жанкүйерлері үшін билеттер сатып алуға жәрдем көрсетеді.
Барлық мүдделі тұлғаларды келесі электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз: oslo_consul@mfa.kz.
Өтінімдерді жинау ү.ж. 1 қарашасына дейін жалғасатынына назар аударамыз.