Норвегияның Сауда, өнеркәсіп және балық шаруашылығы министрлігіндегі кездесу

Норвегияның Сауда, өнеркәсіп және балық шаруашылығы министрлігіндегі кездесу

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Норвегия Сауда, өнеркәсіп және балық шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Туре Онсхюс Сандвикпен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы сауда көлемін ұлғайту мүмкіндіктерін талқылады.

2023 жылы бұл көрсеткіш 124 млн. АҚШ долл. құрады, оның ішінде 3 млн. – қазақстандық экспорт (бидай, металл бұйымдары, ферроқорытпалар, басқалар) және 121 млн. долл. – Норвегиядан импорт (балық және балық өнімдері, кендер, титан концентраттары, басқалары).

Әділ Тұрсынов Т.О.Сандвикті Астананың Қазақстан экономикасын әртараптандыру жөніндегі шаралары және елімізде жұмыс істейтін ондаған жаңа өндірістер туралы хабардар етті.

Норвегиялық компаниялардың қазақстандық балық саласын дамытуға қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақ Елшісі Норвегия Сауда, өнеркәсіп және балық шаруашылығы министрлігінің өкілдерін ү.ж. 23 сәуірде Осло қаласында өтетін «Day of Kazakhstan' s economy in Norway» бизнес-семинарына қатысуға шақырды (https://east-cci.no/events/).

Бұл шараның ұйымдастырушылары – Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасы (“Østhandelskammeret”) және Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі.