Норвегияның көлік министрлігіндегі кездесу

Норвегияның көлік министрлігіндегі кездесу

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Норвегия Көлік министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Бент-Йоаким Бентценмен кездесті.

Тараптар екі елдің көлік логистикасы, жүк транзиті, автомобиль және авиациялық қатынас саласындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Әділ Тұрсынов Бент-Йоаким Бентценге Қазақстанның Азия мен Еуропа, Шығыс пен Батыс арасындағы «алтын көпір» ретіндегі өсіп келе жатқан рөлі туралы хабардар етті. Біздің еліміздің аумағы арқылы 14 халықаралық дәліз өтеді – 6 теміржол және 8 автомобиль дәліздері.

Қазақстанның Еуропалық Одақтың «Global Gateway» бастамасына қатысуына және Астананың Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) немесе «Орта дәлізді» дамыту жөніндегі жоспарларына ерекше назар аударылды.

Қазақстан Елшісі Норвегия Көлік министрлігінің Мемлекеттік хатшысын биылғы күзде Қазақстан астанасында өтетін «New Silk Way» VII Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумына қатысуға шақырды.

Сұхбаттасушылар алдағы уақытта да байланыстарды жалғастыруға келісті.