Елші «Эквинор» компаниясының вице-президенттерімен кездесті

Елші «Эквинор» компаниясының вице-президенттерімен кездесті

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов норвегиялық «Эквинор» энергетикалық компаниясының аға Вице-президенттері Эйрик Вәрнесс және Эрлинг Вогнеспен жұмыс кездесуін өткізді.

Қазақ дипломаты әңгімелесушілерді еліміздегі қазіргі саяси және экономикалық өзгерістер, мұнай-газ және энергетика секторларының жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртектік бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі міндетін орындау аясында «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде норвегиялық компания өкілдері «Эквинордың» ағымдағы қызметінің басымдықтары мен болашаққа арналған жоспарлары туралы айтты. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығын жолға қою мүмкіндіктерін белгіледі.