Қазақстан Елшісі Әділ Тұрсынов Норвегия Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Торгейр Ларсенмен кездесті.
Кездесу барысында әңгімелесушілер Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады, сондай-ақ өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.
Елші Бас хатшыны Қазақстанның заманауи дамуы, елдегі саяси және
әлеуметтік-экономикалық түрлендірулер туралы хабардар етті. А.Тұрсынов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» жыл сайынғы Жолдауында айтылған бастамаларына кеңінен тоқталды.