Сайлаушылардың келуі қорытындылары және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындылары

Сайлаушылардың келуі қорытындылары және Қазақстан   Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берудің   алдын ала қорытындылары

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында сайлаушылардың келуі қорытындылары және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындылары туралы ҚР ОСК брифингі өтті.

2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың сайлау комиссиялары хаттамаларының электрондық көшірмелері негізінде дауыс беруге 8 300 046 адам қатысты. 2022 жылғы 20 қарашада сайлаушылардың келуі - 69,44% құрады. Өңірлер бөлінісінде:

Абай облысы

80,18%

Ақмола облысы

78,87%

Ақтөбе облысы

72,81%

Алматы облысы

72,10%

Атырау облысы

70,87%

Батыс Қазақстан облысы

68,67%

Жамбыл облысы

79,57%

Жетісу облысы

81,42%

Қарағанды облысы

78,39%

Қостанай облысы

79,28%

Қызылорда облысы

81,07%

Маңғыстау облысы

66,99%

Павлодар облысы

77,58%

Солтүстік Қазақстан облысы

79,01%

Түркістан облысы

80,37%

Ұлытау облысы

75,48%

Шығыс Қазақстан облысы

79,49%

Астана қаласы

48,67%

Алматы қаласы

28,72%

Шымкент қаласы

59,79%

20 қарашада ОСК-да сайлаушылардың келуі бойынша барлығы 9 брифинг өткізілді. Барлық ақпарат мүмкіндігінше тез ұсынылып отырды.

Сайлау бюллетеніне Қазақстан Республикасының Президенттігіне 6 кандидат және «Барлығына қарсы» деген баған енгізілді. Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар және «Барлығына қарсы» бағаны мынадай дауыс санын жинады:

Абден Қ.Ж.

206 206

2,60%

Әуеcбаев Н.С.

176 116

2,22%

Дайрабаев Ж.М.

271 641

3,42%

Қажыкен М.З.

200 907

2,53%

Тоқаев Қ.К.

6 456 392

81,31%

Тұрсынбекова С.П.

168 731

2,12%

Барлығына қарсы

460 484

5,80%

Дауыс беру күні сайлау рәсімдерін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың 11 мыңнан астам сенім білдірген адамы, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың 641 байқаушысы, саяси партиялардан 15,5 мың байқаушы, қоғамдық бірлестіктерден 30 мыңнан астам байқаушы байқады.

Сондай-ақ, сайлау учаскелеріне қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының 1225 өкілдері, 23 елден 41 шетелдік БАҚ өкілдерін ұсынатын 106 аккредиттелген журналистер қатысып, сайлау барысын жариялады.

Орталық сайлау комиссиясының, аумақтық сайлау комиссияларының атына ресми түрде келіп түскен және келіп түсудегі барлық өтініштер заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын болады және олардағы мәліметтер расталған жағдайда олар бойынша заңнамада көзделген шаралар қабылданатын болады.