Қазақ фильмі Ослодағы кинофестивальнде марапатқа ие болды

Қазақ фильмі Ослодағы кинофестивальнде марапатқа ие болды

Режиссер Ернар Нұрғалиевтің «Жаным, айтсам сенбейсің!» картинасы 26-29 тамыз аралығында Ослода өткен Ravenheart International Film Festival халықаралық кинофестивалінің сыйлығын алды.

Төрт күнге созылған фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен жүзден астам фильм ұсынылды. Қазақстандық фильм «Фестиваль режиссерінің таңдауы» (Festival Director’s Choice) номинациясын жеңіп алды.

«Бұл Қазақстаннан ұсынылған тұңғыш туынды. Жалпы алғанда, бұл біздің жылдың ең сүйікті фильмдерінің бірі»,- деді американдық-норвегиялық режиссер Адам Лосурдо картинаны Осло Синематекасында фестиваль көрермендеріне ұсынарда.

«Бізді «Жаным, айтсам сенбейсің!» фильмнің энергиясы мен көңілді хикаясы қызықтырды. Бұл кейіпкерлері мен декорациясы жағынан айқын қазақстандық кино болып саналады. Қазақстанның кең даласы дерлік өз алдына бөлек кейіпкер. Алайда, фильм ұлтына қарамастан барлық көрермендерге жетімді болып шықты. Оның әзіл-оспақтары талантты актерлердің көмегімен дәл белгіленген. Өте жақсы кинематография, ол Джон Форд пен Сержио Леоне сияқты классиктермен қатар тұра алады, әрі қазіргі заманғы және серпінді болып қала береді. «Жаным ...» бізге және біздің көрермендерге осы күлкілі, әсерлі және жігерлі фильм арқылы қазақстандық киноны мүмкіндігінше жағымды түрде ашуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті норвегиялық режиссер Кай Олсен.

Сүреттер: https://www.ravenheartfilmfestival.com/