«Bike for Peace» қозғалысы Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толуына арнап кітап шығарды

«Bike for Peace» қозғалысы Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толуына арнап кітап шығарды

Норвег «Bike for Peace» («Бейбітшілік жолындағы велосипедшілер») қозғалысы «Әлемдік бейбітшілікке қадам» кітабын шығарды. Ұйымның негізін қалаушы Туре Нәрланд атап өткендей, бұл басылым «Bike for Peace»-тің 45 жылдығы мен Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған. Кітап норвег тілінде шыққан, ағылшын тіліндегі басылымы әзірленуде.

           «Бұл кітапта біз Қазақстан туралы көп айтамыз, оның ішінде 2011 ж. Пекин-Алматы-Мәскеу-Берген велошеруі де бар. Біздің сапар Семей маңындағы полигоннан зардап шеккендерді қолдау ұранымен өтті. Сол жылы біз арнайы Астана-Семей-Алматы шеруді де жасаған болатынбыз. Бұл қызықты және танымды әңгіме ғана емес, ол көптеген керемет фотосуреттер де», - деді Т.Нәрланд кітабімен таныстыра отыра.

           Осымен қатар, басылымда Қазақстанның Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов қатысқан ядролық қаруды таратпауды қолдау бойынша Вашингтон-Нью-Йорк туры туралы да айтылған.

           «Қазақстанның үлгісі антиядролық қозғалыс пен бүкіл әлем үшін өте маңызды. Сіздің ел ядролық арсеналының барлық бірліктерін бөлшектеп тастады. Бұл үшін біз әлемді ядролық қарудан азат ету бойынша бірқатар маңызды бастамаларды ұсынған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығымызды білдіреміз», - деп атап өтті «Bike for Peace» көшбасшысы.

           Кітаптың тұсаукесері Норвегияның оңтүстік аймақтарындағы саясаткерлердің, дипломаттардың, қала әкімдері мен қоғам өкілдерінің қатысуымен «Bike for Peace» шеруі аясында өтті.

Арендал, Тведестранд және Рисөр қалаларында өткен брифингтердің шеңберінде Кездесулер аясында өткен брифингтердің барысында Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжанов сөз айтты. Қазақстандық дипломат 30 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі төртінші орындағы ядролық арсеналдан бас тарту және Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімінің тарихи маңызы туралы айтып шықты. Кездесулерге қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның соңғы 30 жылдағы дамуының басты белестерімен, қазіргі уақытта елімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан реформалармен танысты. Норвегтердің аса қызығушылығын шеру барысында ұсынылған жуырда норвег тілінде жарық көрген Абай Құнанбайұлының Қара сөздері мен таңдамалы поэзиясы тудырды.

«Bike for Peace» қозғалысы 29 тамыздағы Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні шеңберінде Берн-Женева бағыты бойынша велошеруді өткізеді.