Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау туралы ақпараттық хабарлама

2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аясында партиялық тізім негізінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлаймыз.

ҚР ОСК бес саяси партияны партиялар тізіміне тіркеді, барлығы 312 кандидат тіркелді: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 19 адам; «NurOtan»партиясы - 126 адам; «ADAL»Саяси партиясы - 16 адам; «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы - 38 адам; «Қазақстан Халық партиясы» - 113 адам.