Норвегияның Халықаралық қатынастар институтында Қазақстандағы реформалар талқыланды

Норвегияның Халықаралық қатынастар институтында Қазақстандағы реформалар талқыланды

Норвегияның халықаралық қатынастар институтында (NUPI) «Қазақстандағы реформалар: прогресс және қауіп-қатерлер» тақырыбында вебинар өтті.

Іс-шараның модераторы NUPI-дің Ресей, Азия және халықаралық сауда зерттеу тобының жетекшісі Кристин Фьястад болды.

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында айқындалған реформалар бағдарламасы туралы айтты. Ол сонымен қатар пандемия жағдайында мемлекетті қолдау шаралары, сондай-ақ парламенттік сайлауға дайындық туралы хабардар етті.

Азиялық зерттеу институтының директоры Сұлтан Әкімбеков Орталық Азия елдеріндегі COVID-19 пандемиясының әсері, сонымен қатар аймақтың жалпы дамуы туралы айтты.

NUPI аға ғылыми қызметкері Роман Вакульчук өз баяндамасын Қазақстанның жасыл экономикаға және жаңартылатын энергия көздеріне көшуіне арнап, Президент Қ.Тоқаев жариялаған 2060 жылға қарай Қазақстан үшін көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу мақсатының маңыздылығын атап өтті.