Қазақстанның Конституциялық реформасы Норвегия Стортингте таныстырылды

Қазақстанның Конституциялық реформасы  Норвегия Стортингте таныстырылды

Осло, 2026 жылғы 12 ақпан – Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов  Норвегияның Стортинг (Парламент) депутаттары, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясындағы (ЕКПА) норвегиялық делегацияның басшылығы Лизе Селнес, Мортен Колбьёрнсен және Йоне Бликрамен кездесті.

Елші заң шығарушыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысы, жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтетін референдум, сондай-ақ Астана мен Осло арасындағы қатынастардың жай-күйі мен келешегі туралы хабардар етті.

Сұхбаттастар екіжақты деңгейде де, көпжақты институттар шеңберінде де Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығының жалпы контекстінде парламенттік дипломатияны жандандырудың маңыздылығын атап өтті.