Қарашада Ослода Қазақ кино күндері өтеді

Қарашада Ослода Қазақ кино күндері өтеді

Норвегия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі "Altin Adam Society" қауымдастығымен бірлесе отырып, сіздерді Ослода өтетін Қазақ киносы күндеріне құрметпен шақырады. Шара Cinemateket кинотеатрында (Dronningens gate 16, 0105 Oslo, Танкрет залы) өтеді.

Бағдарлама аясында үш танымал қазақстандық фильм көрсетіледі:

🎬 «Жаужүрек Мың Бала» – 19 қараша, 17:30 (көрсетілім 17:45-те басталады)
XVIII ғасырдың бірінші жартысы. Қазақ халқы мен жоңғарлар арасында қанды соғыс өрбиді. «Мың Бала» атанған жас жауынгерлер ержүрек Сартайдың жетекшілігімен атамекенін қорғауға аттанады.

🎬 «Ананың аралы» («Сказ о матери») – 25 қараша, 18:15 (көрсетілім 18:30-да басталады)
Екінші дүниежүзілік соғыс кезі. Бұл жүрек толқытарлық оқиға сауатсыз ананың майдан жаңалықтарын білу үшін оқып, жазуды үйренуі туралы. Ол басқалардың хаттарын жеткізіп, талай ананың үміті мен қайғысын бірге бөліседі.

🎬 «Аудандар» ("Районы") – 30 қараша, 15:45 (көрсетілім 16:00-де басталады)
1980-жылдардағы Алматыда өтетін жасөспірімдер туралы драма. Фильм достық, бәсеке және ар-намыс секілді сындардан өтетін жас жігіттер туралы баяндайды. Олардың күресі өзгеріп жатқан Қазақстандағы бүкіл ұрпақтың өзіндік болмысын іздеуін көрініс табады.

📩 Қатысатыныңызды төмендегі Google формасын толтыру арқылы  растауыңызды сұраймыз:

👉 https://forms.gle/fouNhGPPsWisGSEEA

Орын саны шектеулі, тіркелу реті бойынша беріледі.

Сіздерді қазақ киносы мен мәдениетінің мерекесінде қуана қарсы аламыз.