XXVI Республикалық (Халықаралық) «Абай оқулары» шығармашылық байқауды өткізу туралы

XXVI Республикалық (Халықаралық) «Абай оқулары» шығармашылық байқауды өткізу туралы

2025 жылғы 18-21 маусым аралығында Абай облысының Семей қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Абай облысының Білім басқармасының ұйымдастыруымен XXVI Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық байқауы өтеді.

Аталған байқаудың биылғы ерекшелігі — оның ұлы қазақ ойшылы және ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай халықаралық форматта өткізілуі болып табылады. Бұл шара қазақ халқының ұлы перзентінің рухына тағзым ету ғана емес, сондай-ақ әртүрлі елдердегі қазақ диаспорасы өкілдерінің жас буынын ортақ мәдени және рухани бастау көздерінде тоғыстыруды мақсат етеді.

Ұлы ойшыл, ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, 2025 жылы «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауы алғаш рет халықаралық форматта өткізіледі.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Абай облысының білім басқармасы.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы
Өткізу мерзімі: 18–21 маусым 2025 жыл
Қатысушылардың келу күні: 18 маусым
Қайту күні: 21 маусым

Байқаудың мақсаты – Абайдың әдеби әрі рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ шетелдегі қазақ жастарын тарихи, мәдени және тілдік негізде біріктіру.

Байқауға келесі санаттағы қатысушылар шақырылады:

  • Қазақстан мен шет мемлекеттердегі 8–11(12) сынып оқушылары;
  • Облыстық/аймақтық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары;
  • Әр команда 5 оқушыдан (әр номинация бойынша 1) және    1 жетекшіден тұрады.

Байқау 5 негізгі номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Абайдың асыл мұрасы» – Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.
  2. «Абайдың ақын шәкірттері» – Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия шығармаларын жатқа оқу.
  3. «Әнді сүйсең менше сүй» – Абай, Шәкәрім және олардың шәкірттерінің әндері мен күйлерін орындау.
  4. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» – Қатысушының авторлық өлеңін оқу.
  5. «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» – Абай бейнесін көркем шығармалар арқылы талдау.
  • Қатысушылар мен жетекшілердің тұруы және тамақтануы (18–21 маусым аралығында) ұйымдастырушылар есебінен қамтамасыз етіледі.
  • Жол шығындары – қатысушыларды жіберуші тарап есебінен.
  • Визалық режим қолданылатын елдерден келетін қатысушылар үшін визалық қолдау көрсетіледі (шақыру хаттары, растау құжаттары), ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен жүзеге асады.

Байқау барысында қатысушыларға арналған арнайы экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылады, оның аясында:

  • Сырт Қасқабұлаққа — Абайдың туған жеріне сапар;
  • Абай мен Шәкәрім кесенелеріне зиярат;
  • Абай мен Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражайларына (Бөрлі ауылында) бару;
  • Семей қаласы бойынша шолу экскурсиясы – қазақ зиялыларының рухани астанасы саналатын өңірді таныстыру.

Байқау туралы толық мәлімет, ресми ереже, өтінім беру тәртібі және жаңалықтар мына сайтта жарияланады: www.daryn.kz

Байланыс мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2,
«Алтын Орда» бизнес орталығы, 307-кабинет
Тел.: +7 (7172) 57 65 63
E-mail: info@daryn.kz

Конкурстың ұйымдастыру комитеті

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.