1973 жылы 5 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
Өзінің дипломатиялық қызметін 1994 жылы СІМ Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті ретінде бастады. Қазақстан Республикасының Үндістан мен Әзербайжандағы елшіліктерінде, Қазақстан Республикасының Сингапур мен Грузиядағы Уақытша сенімді өкілі ретінде жұмыс істеді.
СІМ Орталық аппаратында Инвестициялар комитеті бөлімінің, Халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасы бөлімінің, ТМД істері жөніндегі комитеттің ТМД-дағы көпжақты ынтымақтастық басқармасының басшысы болды. ҚР Сыртқы істер министрінің Хатшылығын және Кеңсесін басқарды. Еуропа департаментінде және ТМД департаментінде директор болды.
2016-2019 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі. 2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кеңесшісі, көмекшісі.
Қазақстанның Норвегия Корольдігіндегі Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2022-2023 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.
«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.