2025 жылы 9 мамырда Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы қаһармандарының рухына тағзым етіп, Жеңістің 30 жылдығы атындағы саябақтағы ескерткіштер мен монументтерге, сондай-ақ Омбы қаласындағы Соғыс ардагерлері госпиталі ғимаратының қабырғасына орнатылған Кемел Тоқаевқа арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, олар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.
Қазақстан Республикасы фашизмге қарсы Жеңіске зор үлес қосты. Соғыс жылдары Қазақстаннан 1,2 миллионнан астам адам әскерге шақырылып, олардың 600 мыңнан астамы майдан даласында қаза тапты. 500-ден астам жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Миллиондаған қазақстандықтар тылдағы еңбек майданында жан аямай еңбек етіп, Жеңіс күнін жақындатуға өз үлесін қосты.