"Әлкисса" халықаралық онлайн-домбырашылар байқауының аяқталуы туралы

"Әлкисса" халықаралық онлайн-домбырашылар байқауының аяқталуы туралы

«Отандастар қоры» КЕАҚ Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқисса» атты халықаралық онлайн домбыра байқауының аяқталғанын хабарлайды.

Байқаудың жеңімпазы — Омбы облысы, Исилькуль ауданынан келген Сұлтан Искаков. Оның домбырадағы шебер орындауы қазылар алқасын тәнті етіп, дәстүр мен өнерге деген терең түсінігін көрсетті.

Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы жас дарынды құттықтап, жеңімпазға арнайы сыйлығын табыстады. Бірінші орын үшін Сұлтан MacBook, жеңімпаз дипломы және қазақ музыкалық мәдениетіне арналған кітаппен марапатталды.

«Әлқисса» байқауы онлайн форматта өтті, бұл шетелде тұратын этникалық қазақтарды қоса алғанда, түрлі елдерден домбырашылардың қатысуына мүмкіндік берді. Шара ұлттық музыкалық мұраны сақтау мен насихаттауға, сондай-ақ жас таланттарды қолдауға арналған маңызды алаңға айналды.