2025 жылы 27 сәуір айында Омбы қаласында «Омбы қазақтары» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен және Омбы облысы Үкіметінің қолдауымен бүкілқалалық көктемгі «Наурыз» мерекесі өтті.
Мереке этноауыл форматында өтті: киіз үйлер тігілді, дәстүрлі алтыбақан орнатылды, арнайы фотозоналар мен шығыс тағамдары ұсынылды. Қонақтар палау, бесбармақ, манты және басқа да ұлттық тағамдардан дәм тата алды.
Келушілер үшін бай мәдени бағдарлама дайындалды: шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерт, қазақша күрес пен армрестлингті қамтыған спорттық жарыстар, сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған интерактивті алаңдар ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығының дипломатиялық құрамы қатысты. Қазақстан Республикасының Бас консулы қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтап, қазақ пен орыс халықтарын көп ғасырлық тату көршілік, достық және өзара түсіністік біріктіретінін атап өтті.