Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы мен Омбы облысының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Ольга Федулованың кездесуі өтті

Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы мен Омбы облысының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Ольга Федулованың кездесуі өтті

Өз сөзінде Бас консул Омбы облысының Қазақстан үшін Сібірдегі негізгі сауда серіктесі болып табылатынын атап өтті. Омбы облысымен тауар айналымы көлемі бойынша Қазақстан бірінші орында тұр, алайда екіжақты сауданың әлеуеті толық іске асырылған жоқ. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің ауқымын кеңейту, сондай-ақ екі елдің іскерлік топтары арасында тікелей байланыстар орнату қажет.

Өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттары ретінде көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік кооперация және туризм атап өтілді. Өңіраралық ынтымақтастықты жандандыруға шағын және орта бизнес өкілдерін тарта отырып, бірлескен сауда-көрме іс-шаралары ықпал ете алар еді.

Ольга Федулова Омбы бизнес-делегациясының 2024 жылы Қазақстан өңірлеріне екі рет сапармен барып, табысты ынтымақтастық орнатқанын атап өтті. Омбы облысының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Бас консулды палата қызметімен таныстырып, 2025 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Ол Қазақстанның Омбы облысы үшін сенімді серіктес болып қала беретінін атап өтті. Ортақ шекара екі ел кәсіпкерлерінің сауда қызметін дамытуына қолайлы жағдай жасайды.