ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2024 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына сәйкес республикалық референдум өтеді.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстанның Омбы қаласындағы Бас консулдығының жанында құрылған №424 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
СІЗДЕРДІҢ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІҢ САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНДЕ БОЛУЫ ОСЫ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КЕПІЛДІК БЕРЕДІ.
Сайлау учаскесі Омбы уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Омбы қ., Шоқан Уәлиханов көшесі, 9 үй.
Сайлау учаскесіне келген кезде өзіңізбен бірге қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
БҰЛ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!
САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ БЮЛЛЕТЕНЬДЕР САНЫ САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН АЗАМАТТАР САНЫНА СӘЙКЕС ҚАТАҢ ТҮРДЕ БЕРІЛЕДІ.
Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін өздеріне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны) omsk@mfa.kz электрондық мекенжайға «Сайлауға қатысамын» белгісімен алдын ала жіберу қажет.