Омбы қаласына Қазақстанның туристік қоғамдастығының өкілдері келді

Омбы қаласына Қазақстанның туристік қоғамдастығының өкілдері келді

2023 жылы 15 мамырда Омбы қаласында өткен роуд-шоу барысында Қазақстанның туристік әлеуеті мен туризм саласындағы инвестициялық жобаларының тұсаукесері өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен еліміздің туризм бойынша бренд-менеджері – «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы ұйымдастырды. Осындай шаралар 16 мамырда Қорғанда және 17 мамырда Түменде өтеді деп жоспарлануда.

Аталған іс-шараға Омбы облысы Мәдениет министрінің орынбасары Светлана Бакулина, Қазақстанның Бас консулы Керім Қожамбердиев, сондай-ақ Ресей Федерациясы Омбы облысының және Қазақстанның туризм саласының өкілдері қатысты.

Іс-шара бағдарламасы аясында екі елдің туроператорлары арасында B2B келіссөздері жүргізіліп, оның барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, ақпараттық турлар ұйымдастыру, серіктестік орнату және нығайту мәселелері талқыланды.

Ресей Федерациясы Қазақстанда туризмді дамытуда басым бағыттарының бірі болып табылады. 2022 жылы Қазақстанға келген ресейлік туристердің саны пандемияға дейінгі жылмен салыстырғанда 40%-ға өскен.