Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлау басталды

Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлау басталды

Бүгін, 14 наурызда Наурыз мейрамының онкүндігін тойлау басталады. Наурыз мейрамын "Көрісу күнінен" басталады. Бұл күні жұрт бір-бірін ұлыстың алғашқы күнімен құттықтап, төс қағыстырып сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасайды. "Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!", "Ақ мол болсын!", "Ұлыс оң болсын!", "Жаңа жыл құтты болсын!" деген секілді сөздер арқылы жаңа жылдың келуімен құттықтап, арқа-жарқа болады. Бір-бірімен араздасқан адамдар өзара кешірім сұрайтын, арасы алыстаған ағайын жақындасатын күн. Алыста жүрген жандар қара шаңыраққа соғып, ата-анасына сәлем беріп, ағайын-туыстың үйіне бас сұғады. Алыстағылар телефонмен хабарласып, құтпарақпен құттықтасады. Ерлер әйелдерге бәйшешек гүлін сыйлайды.

Көрісу күнінен кейін Жайлау күні тойланады. Ол туралы қызықты ақпаратты біздің ертеңгі жаңалықтардан оқысаңыз болады.

Наурыз мейрамы Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Грузия, Албания, Қырғызстан, Македония және Түркияда мемлекеттік мереке ретінде тойланады. Ұлттық мереке ретінде Наурыз Ресейдің кейбір аймақтарында, атап айтқанда Дағыстан, Татарстан, Башқұртстан және т.б. тойланады.

2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-ның шешімімен адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.

2010 жылдың 10 мамырынан бастап БҰҰ Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді.