Омбыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалы студенттерінің практикалық даярлық мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Омбыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалы студенттерінің практикалық даярлық мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Омбы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы мен өңірдегі жетекші инжинирингтік компаниялардың бірі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат тәжірибеге бағдарланған оқытуды дамытуға және студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіруге қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Қол жеткізілген уағдаластықтар аясында филиал студенттері кәсіпорын базасында өндірістік және дипломалды тәжірибеден өтіп, экономиканың нақты секторында жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеруге, сондай-ақ заманауи инженерлік және басқарушылық үдерістермен танысуға мүмкіндік алады.

Келісімге қол қою Қазақстан мен Ресей арасындағы білім беру, ғылым және өндіріс салаларындағы ынтымақтастықты нығайтудың кезекті қадамы болды. Сонымен қатар бұл бастама өңірдің кадрлық әлеуетін дамытуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.

Білім беру ұйымдары мен өнеркәсіп кәсіпорындары арасындағы бірлескен жобаларды іске асыру білім, ғылым және өндіріс интеграциясын одан әрі тереңдетуге жағдай жасап, экономиканың қазіргі талаптарына сай білікті кадрлар даярлауды қамтамасыз етеді.