Омбыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалымен РФ федералдық және өңірлік мемлекеттік билік органдарының өкілдері танысты

Омбыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалымен РФ федералдық және өңірлік мемлекеттік билік органдарының өкілдері танысты

2026 жылы 26–27 мамыр күндері Омбы қаласында Ресей Федерациясының федералдық мемлекеттік билік органдары өкілдерінің жұмыс сапарлары өтті. Сапар бағдарламасы аясында ресми делегациялар Қазақстан мен Ресей басшылығының шешімімен ашылған Ресей Федерациясындағы алғашқы шетелдік жоғары оқу орнының филиалы — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалына барды.

26 мамыр күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалына Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Константин Ильич Могилевский, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты Олег Николаевич Смолин және Омбы облысының ғылым, жоғары білім және ғылыми-технологиялық даму министрі Александр Германович Кольцов барды.

27 мамыр күні филиалға Ресей Федерациясының Оқу-ағарту министрі Сергей Сергеевич Кравцов пен Омбы облысының Губернаторы Виталий Павлович Хоценко келді.

Сапар барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалының директоры Джангазиев Мұрат Мұхтарұлы қонақтарды филиалдың қызметімен, жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламаларымен, студенттердің оқу жағдайымен, сондай-ақ ғылыми-білім беру саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларымен таныстырды.

Кездесулер барысында жоғары оқу орындары арасындағы білім беру өзара іс-қимылын дамыту, білікті кадрлар даярлау және академиялық байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Филиал қызметі екі мемлекет арасындағы бірыңғай білім беру кеңістігін кеңейтуге және жастарға, ғылыми және сарапшылық қауымдастыққа қосымша мүмкіндіктер жасауға ықпал ететіні атап өтілді.