2026 жылы 8 мамырда Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы К.Қ. Қожамбердиев Омбы облысы Үкіметінің шақыруымен Мемлекеттік академиялық Омбы орыс халық хорының «Баршаға ортақ Жеңіс!» атты концерттік бағдарламасына қатысты

Жеңіс күніне арналған концертке мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері мен өңір тұрғындары қатысты.

Концерттік бағдарлама барысында орыс халық әндерінің хорлық және вокалдық өңдеулері, сондай-ақ соғыс жылдарындағы әндер, оның ішінде «Сібірдің шексіз даласынан» композициясы орындалды. Даңқты шығармашылық ұжымның өнер көрсетуі тарихи жадыға, жеңімпаз ұрпақтың ерлігіне және халықтардың ортақ тарихына деген құрметтің жарқын көрінісі болды.

Сонымен қатар, концерт аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске зор үлес қосқан бұрынғы Кеңес Одағы республикалары халықтарының ортақ ерлігіне тағзым жасалып, тарихи жадыны сақтау мен ортақ тарихи-мәдени мұраға құрметпен қараудың маңыздылығы атап өтілді.

Концертке қатысу Қазақстан Республикасы мен Омбы облысы арасындағы дәстүрлі достық және тату көршілік байланыстардың, сондай-ақ ортақ тарихи мұраны сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.