
Кездесу барысында тараптар 2026 жылдың күзінде өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII Форумына дайындық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, шекара маңы ынтымақтастығын дамыту және Ертіс өзенін бірлесіп дамыту мен оның әлеуетін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты қатынастардың оң серпіні атап өтіліп, тату көршілік және бауырластық байланыстарды одан әрі нығайтуға өзара ұмтылыс расталды.