Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Омбы қаласындағы өкілдігі Ресейдің Дипломатиялық қызметкері күніне орай ресми іс-шара өткізді

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Омбы қаласындағы өкілдігі Ресейдің Дипломатиялық қызметкері күніне орай ресми іс-шара өткізді

Салтанатты іс-шараға Сібір федералдық округіндегі Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Тәжікстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, сондай-ақ Омбы облысы Үкіметінің басшылығы мен мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Ресейдің дипломатиялық қызметінің жоғары кәсібилігі, оның халықаралық диалогты нығайтудағы, тату көршілік қатынастарды дамытудағы және көпжақты ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды рөлі атап өтілді.

Өз сөзінде ҚР Бас консулы Қожамбердиев К.Қ. Қазақстан Республикасы мен Омбы облысы арасындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың ерекше маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ 2026 жылы өткізу жоспарланып отырған Ресей–Қазақстан өңіраралық ынтымақтастық форумы екіжақты серіктестікті одан әрі тереңдетуге және жаңа бірлескен бастамаларды әзірлеуге арналған маңызды алаң ретінде қарастырылатынына ерекше назар аударылды.

Іс-шара іскерлік әрі достық атмосферада өтіп, дипломатиялық өкілдіктер мен өңірлік мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін растады.