
2025 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Қожамбердиев К.Қ. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Омбы қаласындағы өкілі Генова Е.В.-мен жұмыс кездесуі өткізді.
Кездесу барысында тараптар 2025 жылғы екіжақты өзара іс-қимылдың қорытындыларын шығарып, өңіраралық деңгейдегі қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршілік қатынастарды нығайтуға бағытталған маңызды қоғамдық-мәдени іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылды.
Тараптар сондай-ақ консулдық өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырып, екіжақты байланыстардың өзекті күн тәртібі бойынша пікір алмасты, сондай-ақ 2026 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарларын, оның ішінде Омбы қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумын өткізуге дайындық мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара мүдде тудыратын барлық бағыттар бойынша сындарлы диалогты одан әрі тереңдетуге және практикалық ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін растады.