«Шоқан Ш. Уәлихановтың туғанына 190 жыл» мерейтойлық медалін Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулына табыстау

«Шоқан Ш. Уәлихановтың туғанына 190 жыл» мерейтойлық медалін Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулына табыстау

2025 жылғы 26 желтоқсанда Омбы облыстық қоғамдық ұйымы «Шоқан Уәлиханов атындағы орыс-қазақ достығы орталығының» төрағасы Коптуров М.Г. салтанатты жағдайда «Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл» мерейтойлық медалін Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Қожамбердиев К.Қ. табыс етті.

Бұл жоғары марапат Бас консулдықтың мәдениетаралық диалогты дамытуға, Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы достық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ ұлы ғалым әрі ойшыл Шоқан Уәлихановтың бай мұрасын сақтау мен кеңінен насихаттауға қосқан белсенді үлесінің мойындалуы болды.

2025 жылғы 20–21 қарашада Омбы қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығының бастамасымен көрнекті қазақ ғалымы, тарихшы, этнограф, саяхатшы және дипломат, мәдениеттер мен өркениеттер диалогының символына айналған Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Уәлиханов оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шара Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай және басқа да елдерден келген жетекші ғалымдарды, мемлекеттік органдардың өкілдерін, дипломатиялық корпус мүшелерін, сарапшылар қауымдастығы мен сала мамандарын біріктірді. Конференция барысында Уәлихановтың мұрасына қатысты өзекті ғылыми бағыттар, оның Орталық Азия тарихын зерттеуге қосқан үлесі, мәдениетаралық диалог мәселелері және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту тақырыптары талқыланды.