
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы, сондай-ақ Беларусь Республикасы мен Үндістан Республикасының елшіліктері, Қытай Халық Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының Бас консулдықтарының өкілдері қатысты.
Қатысушылар ШЫҰ аясында әріптес мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзекті даму мәселелерін талқылады.
Шара барысында өңір басшылығы Омбы облысының инвестициялық әлеуетінің таныстырылымын өткізіп, «Омбы инновациялық технологиялар зауыты» АҚ мен «STAFF Brothers» өндірісіне баруды ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасының Бас консулы іс-шараларға белсенді түрде қатысып, өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті және Қазақстан мен Омбы облысы арасындағы екіжақты байланыстарды кеңейтуге дайын екенін білдірді.
2026 жылы Омбы қаласында Ресей мен Қазақстанның XXII Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу туралы жағымды жаңалық та айтылды.
Бағдарламаның мәдени бөлігі аясында қатысушыларға Омбы қаласының тарихи орындарына экскурсия ұсынылды. Бағдарламаның маңызды әрі символдық сәті – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Мәңгілік алауға гүл қоюдың салтанатты рәсімі болды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ШЫҰ басымдықтары аясында әріптестік қатынастарды нығайтуға деген бейілділігін және дайын екенін растады.