Омбы қаласында Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Уәлиханов оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның аяқталуы туралы

Омбы қаласында Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Уәлиханов оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның аяқталуы туралы

21 қараша күні Омбы қаласында «Уәлиханов оқулары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция бағдарламасы жалғасын тапты. Іс-шараның екінші күні кең ауқымды мәдени-ағартушылық бағдарламаға арналды.

Күн «Мәңгілік алау» жанындағы Жеңіс саябағында гүл қою рәсімінен басталып, қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Одан кейін Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл шара оның ғылыми және мәдени мұрасына деген терең құрметті білдірді.

Бағдарламаның жалғасы Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығында өткен қабылдауда болып, дипломатиялық өкілдіктің басшысы Қожамбердиев К.Қ. мекеменің қызметі, негізгі бағыттары және Қазақстан-Ресей шекара маңы ынтымақтастығын дамыту перспективалары туралы сөз сөйледі.

Бағдарламада ерекше орын алған «Ғалым жолы» экскурсиялық бағыты XIX ғасырдың ортасында Шоқан Уәлиханов білім алған Сібір кадет корпусына баруды қамтыды.

Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік әдебиет музейінде қонақтарға «Екі данышпанның достығы — Ф.М. Достоевский және Ш.Ш. Уәлиханов» атты көрме ұсынылды. Экспозиция Қазақстан мен Ресейдің екі көрнекті ойшылы арасындағы рухани және зияткерлік байланыстың бірегей қырларын ашып көрсетті.

Күннің қорытынды оқиғасы Солтүстік Қазақстан облыстық Николай Погодин атындағы орыс драма театрының «Шоқан. Сыбырлаған монолог» атты спектаклі болды. Қойылым көрермендерді ғалымның ішкі әлеміне жетелеп, оның ғылым мен мәдениеттің дамуына қосқан үлесінің маңызын терең сезінуге мүмкіндік берді.

21 қарашадағы іс-шаралар «Уәлиханов оқулары» бағдарламасының маңызды бөлігіне айналып, Қазақстан мен Ресей арасындағы терең тарихи байланыстарды, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзектілігін айқындады.