Ф.Достоевский және Ш.Уалиханов: екі дананың достығы

Ф.Достоевский және Ш.Уалиханов: екі дананың достығы

2025 жылдың 11 қарашасында Омбы қаласында ұлы орыс жазушысы Фёдор Михайлович Достоевскийдің 204 жыл және көрнекті қазақ ғалымы, ағартушысы, саяхатшысы Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың 190 жыл толуына арналған мәдени-ағартушылық іс-шара өтті.

Мерейтойлық шаралар «Ф.Достоевский және Ш.Уалиханов: екі дананың достығы» атты тақырыппен өтіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды оқиға болды.

Іс-шараның басында Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Қожамбердиев Қ.К. және Омбы облысының мәдениет министрі Трофимов Ю.В. Ш.Уалиханов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, Ф.М. Достоевский ескерткішіне де гүл қою рәсімі өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбы қаласындағы филиалы, мәдениет қайраткерлері, студенттер мен қала тұрғындары қатысты.

Бағдарламаның жалғасы ретінде Омбы әдеби мұражайында «Ф.Достоевский және Ш.Уалиханов: екі дананың достығы» атты көрме ашылды. Көрмеде екі ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығындағы рухани және мәдени үндестікті көрсететін сирек архивтік материалдар, кітаптар, суреттер мен құжаттар ұсынылды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайымен тікелей онлайн байланыс орнатылды. Бұл онлайн-кездесу екі елдің мұражайларын біріктіріп, Ресей мен Қазақстан арасындағы рухани көпірдің символына айналды.

Мерейтойлық іс-шара Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбы филиалының, Ф.М. Достоевский атындағы әдеби мұражайының, сондай-ақ Омбы облысының мәдениет министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Жоба Ресей мен Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени құндылықтарының ортақтығын, өзара түсіністік пен рухани диалогқа ұмтылысын және ұлы ойшылдардың мұрасын сақтау ісіндегі ынтымақтастықты айқындады. Олардың идеялары бүгінде жаңа буынға шабыт көзі болуда.