Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел Новосібірде өтті

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел Новосібірде өтті

2025 жылы 30 қазанда Новосібір мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасында қазақ халқының мақтанышы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара гибридті форматта ұйымдастырылып, Ресей мен Қазақстаннан 120-дан астам қатысушыны біріктірді. Кездесу барысында қатысушылар аңызға айналған қаһарманның ерлігін еске алып, оның өмір жолын, тарихтағы орнын және жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызын талқылады.

Дөңгелек үстел бағдарламасында Ақтөбеден және Қарағандыдан Әлия Молдағұлова музейінің қызметтері онлайн форматта қатысты, сонымен бірге оның өмірбаянының аз белгілі беттері және Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы үлесі туралы баяндамалары тыңдалды. Новосібір облыстық ғылыми кітапханасының бас кітапханашысы Евгений Викторович Соснин қазақ тілінде өлең оқып, қатысушылардың ерекше ықыласына бөленді.

Іс-шараның тең ұйымдастырушысы ретінде – Қазақстан Республикасының Новосібірдегі Құрметті консулы Марат Жасұзақұлы Қалықұлов өз сөзінде барлық қатысушылар мен қонақтарға мазмұнды баяндамалары және белсенді қатысқандары үшін шынайы алғыстарын білдірді. Осындай шаралардың өткізілуі Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал ететіні атап өтті.