«Ресей – Орталық Азия өңірі» жастар форумының ашылуы

«Ресей – Орталық Азия өңірі» жастар форумының ашылуы

2025 жылы 21 қазанда Омбы қаласында Омбы облысы Үкіметімен бірлесе отырып Ресей Федералдық жастар істері агенттігі ұйымдастырған «Ресей – Орталық Азия өңірі» жастар форумының салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстан елдерінің, сондай-ақ Ресей Федерациясының түрлі өңірлерінен келген өкілдер қатысты. Қатысушылардың жасы – 18 бен 35 аралығында.

Форумның ашылу рәсіміне Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығының дипломаттары қатысты.

Форум бағдарламасы шығармашылық зертханаларды, практикалық шеберлік сабақтарын, жобалық идеяларды қазылар алқасы мен серіктестер алдында әзірлеу және таныстыруды, сондай-ақ барлық бағыттарды біріктіретін қорытынды шоуды қамтиды.

Форумды өткізу жастар бастамаларын дамытуға, мәдениетаралық диалогты нығайтуға және Ресей мен Орталық Азия елдерінің жаңа буын өкілдері арасындағы серіктестік байланыстарды қалыптастыруға ықпал етеді.