Омбы қаласында «Сібір – диалог аумағы» форумы өтті

Омбы қаласында «Сібір – диалог аумағы» форумы өтті

2025 жылы 2–3 қазан аралығында Омбы қаласында «Сібір – диалог аумағы 2025: Сібірдегі ислам; Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – Ресей мемлекеттілігінің негізі» атты форум өтті. Іс-шара православие мен ислам өкілдерінің диалогына арналды.

Форумға шетелдік делегациялар қатысты, Қазақстан тарапынан Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Қожамбердиев Қ.К., сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Х.Әділбеков бастаған дін өкілдері қатысты.

Қатысушыларға Омбы облысының губернаторы В.П.Хоценко құттықтау сөзін арнады.

Конференция тақырыбы Сібірдегі ислам дәстүрі, конфессияаралық ынтымақтастық, тату көршілік және халықтар бірлігін нығайту мәселелерін қамтыды. Жобаның негізгі мақсаты – діни конфессиялар, мемлекеттік органдар, ғылыми қауымдастық пен қоғам арасында ашық диалогты қолдау.