Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени алмасу шеңберінде 2025 жылғы 23 қыркүйекте ҚР Омбы қаласындағы Бас консулы К.Қожамбердиев И.В.Панфилов атындағы скверде "Достық Ағашын" отырғызуға қатысты. Іс-шараға Омбы қалалық кеңесінің, Петропавл қаласының "Жас Батыр" әскери-патриоттық қозғалысының, Ш.Уәлиханов атындағы орыс-қазақ достық орталығының өкілдері, сондай-ақ Омбы қаласының «И.В.Панфилов атындағы №40» және «Д.М. Қарбышев атындағы №90» орта білім беру мектептерінің басшылары мен оқушылары қатысты.
Акция Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында жастардың тарихи жадын және патриоттық тәрбиесін сақтау мақсатында өткізілді.
Сондай-ақ, "Жас Батыр" қозғалысының өкілдері Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығына барып, Ш.Уәлиханов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.