2025 жылы 16–18 қыркүйек аралығында Алтай Республикасының «Манжерок» курортында «Алтай – түркілердің ата жұрты. Түркі өркениетінің бастау тарихы» атты ІІ Халықаралық форумы өтті.
Форумға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Түркия және Қытай елдерінің ғылыми және мәдени орта өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин басқарды. Оның құрамында белгілі ғалымдар, дипломатиялық корпус өкілдері мен түркітану саласындағы сарапшылар болды.
Форумда халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен зерттеу жобаларын дамыту және жастарды түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін зерделеуге тарту туралы мәселелер көтерілді.
Сонымен қатар, форум аясында Қазақстан Республикасының Бас консулы Алтай Республикасының мәдениет министрі Ольга Юрьевна Антарадонова ханыммен болған кездесу барысында еліміз бен Алтай республикасы арасында мәдени алмасуларды дамыту, бірлескен көрмелер мен музейлік жобаларды ұйымдастыру, сондай-ақ түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттау бағытындағы ынтымақтастықты жандандыруды талқылады.