Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Омбы мемлекеттік тарихи-өлкетану музейі арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Омбы мемлекеттік тарихи-өлкетану музейі арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде

9–10 қыркүйек аралығында Омбы қаласына Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Б.Әбдіғалиұлы бастаған делегация келді.

Сапар барысында ҚР Ұлттық музейі мен Омбы мемлекеттік тарихи-өлкетану музейі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Тараптар көрмелік қызмет, ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық жобалар саласында болашақтағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу бағыттарын талқылады. Бірлескен ғылыми және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар мен симпозиумдар өткізу жоспары белгіленді.