{алықаралық IT-стартаптар технопаркі Astana Hub өкілдері Doers Summit Limassol 2026 технологиялық форумына қатысты

{алықаралық IT-стартаптар технопаркі Astana Hub өкілдері Doers Summit Limassol 2026 технологиялық форумына қатысты

2026 жылғы 21 мамырда халықаралық IT-стартаптар технопаркі Astana Hub өкілдері Кипр Республикасының Лимасол қаласында өткен Doers Summit Limassol 2026 технологиялық форумына қатысты.
Іс-шара аясында Astana Hub қызметіне арналған жеке панельдік сессия ұйымдастырылып, онда Қазақстанның цифрландыру, инновациялар, жасанды интеллект және стартап-экожүйені дамыту салаларындағы жетістіктері таныстырылды.
Қатысушылар халықаралық технологиялық ынтымақтастықтың перспективаларын, IT-кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Кипрдің технологиялық экожүйелері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.