Вашингтон, 2024 жылғы 25 маусым – ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев бастаған қазақстандық делегация Вашингтон қаласына жұмыс сапарымен келді.
Сапар аясында АҚШ Бас прокуроры көмекшісінің орынбасары және Әділет министрлігінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Брюс Шварцпен кездесу өтті.
Америкалық әріптестер өз ведомствосы жұмысының ерекшелігі туралы хабардар етіп, құқықтық мәселелер бойынша халықаралық өзара іс-қимыл тәжірибесімен, сондай-ақ америкалық норма шығарудың ерекшеліктерімен бөлісті.
Қазақстандық тарап, өз кезегінде, заңның үстемдігін нығайту үшін ҚР Үкіметі қабылдаған шараларды таныстырып, елдегі демократиялық қайта құруларды іске асыру бойынша табыстарымен бөлісті. Атап айтқанда, Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарының орындалуына ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындап, құқықтық саладағы екіжақты қатынастарды нығайту жөніндегі жоспарларды белгіледі.