5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – Астана 2024

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – Астана 2024

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылы 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтеді.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ – этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары. Жарыстар Орталық Азияның тарихи көшпелі халықтарының ұлттық ойындарына негізделген. ДКО адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этноспорттық және этномәдени қозғалысты дамытуға бағытталған.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне кіреді.

Көшпенділер ойындарына әлемнің 85-тен астам елінен 2 мыңға жуық спортшы қатысады. Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Астанада 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасында спорттың 21 түрі бойынша жарыстар өткізу жоспарланған.

Ойындарды өткізу аясында Астанада "Көшпенділер әлемі" этноауылы ашылады, онда әрбір келуші қазақ халқының және қатысушы елдердің мәдениеті мен дәстүрлерімен таныса алады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұраны - «ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ».

БАҚ өкілдері үшін аккредитация ашылғанын хабарлаймыз. Аккредитация алу үшін келесі сілтеме бойынша өтіп, сауалнама толтыруыңызды өтінеміз: https://worldnomadgames.kz/ru/page/form-smi.

Аккредитаицяға өтінім берудің соңғы мерзімі - 2024 жылдың 1 қыркүйегі.