Қазақстан шетелдік инвестициялар ағынының пандемияға дейінгі деңгейіне оралды

Қазақстан шетелдік инвестициялар ағынының пандемияға дейінгі деңгейіне оралды

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметі бойынша Қазақстан шетелдік капитал ағындарындың төмендеу үрдісін күрт өзгертіп ғана қоймай, елімізге құйылып жатқан инвестициялар көрсеткіштерін 2017-2019 жылдарының деңгейіне дейін жеткізіп отыр. Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша елімізге тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны 23,7 АҚШ млрд долларға жетіп, көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 37,7%-ға өсті (17,2 млрд АҚШ доллары).

Елдік қимасында Қазақстан экономикасына ең көп инвестиция салған мемлекеттердің үздік бестігі өзгеріссіз қалды. Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Ресей және Қытай 25%-дан 92%-ға дейін өсімімен көшбасшылықты сенімді ұстап отыр. Аталған елдерден инвестициялар үлесі тартылған инвестициялардың жалпы көлемінің 68,3% құрайды.

Өз кезегінде, үздік ондықтың екінші бөлігінде айтарлықтай өзгерістер байқалды. Бельгия салған инвестицияларды 35,1%-ға ұлғайтты және Ұлыбританияны басып озып, 6-шы орынға иеленді. Корея Республикасы 73,2%-ға өсім көрсетіп, 9-шы орыннан 8-ші орынға көтерілді. Сонымен қатар, Түркия инвесторлары республикамызға инвестициялардың өсуін 87%-ға қамтамасыз етіп, 9-шы орынға орналасты. Үздік ондықты Франция инвесторлары тұйықтады.

 2021 жыл бойынша үздік 10 инвестор елдер 

  1. Нидерланд - 7,0 млрд АҚШ доллар;
  2. АҚШ - 2,8 млрд АҚШ доллар;
  3. Швейцария - 2,6 млрд АҚШ доллар;
  4. Ресей - 1,9 млрд АҚШ доллар;
  5. Қытай - 1,8 млрд АҚШ доллар;
  6. Бельгия - 1,06 млрд АҚШ доллар;
  7. Ұлыбритания - 1,02 млрд АҚШ доллар;
  8. Республика Корея - 805,5 млн АҚШ доллар;
  9. Түркия - 679,5 млн АҚШ доллар;
  10. Франция - 603,1 млн АҚШ доллар.

Салалар бөлінісінде қарайтын болсақ, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығында инвестициялардың салымдары 2,8 есеге, кәсіби, ғылыми-техникалық қызметі саласында 2,6 есеге, ақпарат пен байланыс саласында 80,1%-ға, ал электрмен жабдықтау саласында 68,3%-ға ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібі де едәуір өсім көрсетті. 2021жылы инвесторлар бұл салаға 2020 жылмен салыстырғанда 2 млрд АҚШ долларға көп инвестиция құйды, өсім 65,4% құрады.

Өз кезегінде, инвестиция тартуға жауапты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2021 жылы 19 млрд АҚШ доллардан астам шетелдік инвестициялар тартылады деп болжамдаған.

Инвестициялық жобалар пулын және Қазақстанда қолданылатын «ҚР елшіліктері - орталық мемлекеттік органдар - аймақтық әкімшіліктер» инвестиция тарту бойынша үш деңгейлі жүйесін сәтті жүзеге асыру нәтижесінде  еліміз  2017-2019 жылғы көрсеткіштеріне қол жеткізді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі әлемдік стандарттарға сай инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп, бизнес үшін мықты және бәсекелі ортаны қалыптастыруға үлкен мән береді. Бұл бағытта «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ инвесторларға жәрдемдесу бойынша шаралар кешенін көрсететін инвестиция тарту бойынша бірыңғай оператор болып табылады. Атап айтқанда, ұлттық компания инвесторлардың Қазақстанға сапарын ұйымдастыру, қаржыландыру көздерін және жобаларды іске асыруға бағытталған инвестициялық алаңдарын анықтау, жергілікті іскерлік серіктестермен байланыс орнату, рұқсат беру және өзге де құжаттарды алу кезінде консультациялық қолдау қызметтерін көрсетеді.

 Бұл фактілерді Standard&Poor's беделді халықаралық рейтинг агенттігі растап, Қазақстан Республикасының тәуелсіз несиелік рейтингін «BBB-» деңгейде сақтады және болжам «тұрақты» деп жариялады.

Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде бүгінгі күні Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жаңа Инвестициялық саясатының тұжырымдамасы ESG (Environmental - қоршаған орта, Social - әлеуметтік сала, Governance and Prosperity - корпоративтік басқару және экономикалық өркендеу) стандарттарына сай әзірленуде.