АҚШ бизнесі Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі

АҚШ бизнесі Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі

Нью-Йорк, 2021 жылдың 23 қыркүйегі - БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясына қатысу аясында Нью-Йоркте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастыққа мүдделі АҚШ-тың ірі компанияларымен дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстандық министр Қазақстан Республикасы Үкіметінің ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі, машина жасау, химия, металлургия, мұнай өңдеу, IT, көлік және логистика сияқты басым секторларға ТШИ тарту үшін барлық қажетті жағдай жасауға дайын екендігін растады.

М.Тлеуберді сонымен қатар американдық «Tyson Foods», «Valmont», «Agro Solutions Group», «Morgan Stanley» және «City Group» компанияларының басшылығымен бірқатар жеке кездесулер өткізді.

АҚШ - Қазақстанның ірі экономикалық серіктестері мен инвесторларының бірі. Бүгінде Қазақстанда машина жасау, химия, құрылыс, мұнай-газ секторында, сондай-ақ IT-платформалар мен басқа да алаңдарда 500-ден астам американдық компания жұмыс істейді. 2005 жылдан бастап Қазақстан экономикасына тартылған американдық инвестициялар көлемі 45 млрд АҚШ долларынан асты.