KazAID және USAID Дамуға ресми көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

KazAID және USAID Дамуға ресми көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Алматы, 2021 жылдың 24 маусымы – Қазақстан халықаралық даму агенттігінің (KazAID) Басқарма төрағасы Дастан Елеукенов және Америка Құрама Штаттары халықаралық даму агенттігінің (USAID) Өңірлік директоры Кристофер Эдвардс Дамуға ресми көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат Орталық Азия мен Ауғанстанда қауіпсіздік, экономикалық өсу және орнықты даму үшін серіктес үкіметтер, азаматтық қоғам мен іскерлік топтардың әлеуетін нығайту мақсатында екі агенттік арасында тәжірибе алмасу және ресурстар мен бағдарламаларды біріктіруге жол ашады.