2021 жылғы Қазақстан-Американдық инвестициялық форум

2021 жылғы Қазақстан-Американдық инвестициялық форум

Сізді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.У.Маминнің қатысуымен АҚШ пен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған 2021 жылғы Қазақстан-Американдық инвестициялық форумға қатысуға шақырамыз. Форум 2021 жылдың 14-15 маусымында онлайн режимінде өтеді.

Форумның ұйымдастырушылары - ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі, АҚШ Сауда-өнеркәсіп палатасы және «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ.

Форум аясында Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуетін таныстыру және «АҚШ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы: пандемиядан кейінгі әлемдегі жаңа инвестициялық мүмкіндіктер», «Ауыл шаруашылығы және тамақ өндіріс», «Тау-кен металлургиялық кешені және энергетика», «Инфрақұрылым және цифрлық трансформация» тақырыптары талқыланатын болады.

Форумға қатысу үшін https://usa.invest.gov.kz/ сайтында тіркелуіңіз керек.  

Біз сізді 2021 жылғы Қазақстан-Америка инвестициялық форумына қатысушылардың қатарынан көруге қуаныштымыз!