Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастар орнауының 30 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар бастау алды

Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастар орнауының 30 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар бастау алды

Вашингтон қ., 2021 жылғы 10 ақпан – Джордж Вашингтон Университетінің Орталық Азия бағдарламасының қолдауымен Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай виртуалды дөңгелек үстел өтті.

Өздеріңізге мәлім, 2021 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың алғашқы шешімдерінің бірі – Семей ядролық полигонын жабу және әлемдегі төртінші ядролық арсеналды жою, бұл егемен Қазақстан тарихында жаңа парақты ашты.

Соңғы жылдарғы қазақстан-американдық өзара іс-қимыл инвестициялық және сауда-экономикалық байланыстарды, саяси саладағы және аймақтық және жаһандық қауіпсіздік бойынша тығыз ынтымақтастықты дамыту үшін берік негіз құрды.

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Е.Қазыханов алғы сөзінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары серпінін және саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарын атап өтті.

Виртуалды талқылаудың спикерлері ретінде Қазақстан мен АҚШ-тың бұрынғы Елшілері сөз сөйлеп, өткен жылдардағы екіжақты қатынастардың басты жетістіктері туралы айтты.

1996-2000 жылдары болған Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Б.Нұрғалиев және 2004-2008 жылдар аралығындағы Қазақстандағы американдық дипломатиялық миссияның жетекшісі Дж.Ордвей Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің одан әрі тереңдеуін құптады.

Өз сөзінде бұрынғы АҚШ-тың Қорғаныс министрінің орынбасары Э.Вебер ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстанмен ынтымақтастық туралы бөлісіп, Қазақстанның жаһандық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы шешуші рөлін атап өтті.

Белсенді пікірталастың соңында қатысушылар мен модератор – Атлантикалық кеңестің Еуразиялық орталығының директоры Дж.Хербст – қарым-қатынастың барлық спектрі бойынша екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екендігінде тоқталып, Джо Байденнің жаңа Әкімшілігінің екі ел арасындағы серіктестікті тереңдету жолындағы маңызды қадамы ретінде АҚШ президентінің Қазақстанға тарихтағы бірінші сапары болуы керек екендігін айтты.