ҚҰРМЕТТІ АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ!

Сіздерді 15 наурызда өтетін Референдумға қатысуға шақырамыз!

2026 ж., 15 наурызда (АҚШ, EDT шығыс уақыт бойынша сағ. 07:00-ден 20:00 дейін) 535 5th avenue 20 floor, New York, NY 10017 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №414 дауыс беру учаскесінде жаңа Конституцияның жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.

Бас консулдық жанындағы № 414 учаскесіндегі тізімге, 18 жасқа толған, АҚШ-та уақытша немесе тұрақты тұратын және ҚР азаматының паспорты, жеке куәлігі бар барлық азаматтар енгізіледі.

Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу үшін АҚШ аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді:

  • Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
  • Туған күні;
  • ЖСН;
  • Байланыс деректері (телефон, электрондық пошта);
  • АҚШ-тағы тұратын мекенжайы (көшенің, шағынауданның атауы, үй, пәтер нөмірі, қала, ел ретімен) newyork@mfa.kz электрондық поштасына немесе +1 332 207 9632 WhatsApp нөміріне жолдау сұралады (ҚР Орталық комиссиясына жолдау мақсатында).

Дауыс беру күні өзімен бірге Қазақстан азаматының қолданыстағы паспорты (немесе жеке куәлігі немесе Egov.kz цифрлық нұсқасы) болуы қажет.

Барлық сұрақтар бойынша ҚР Бас консулдығына келесі телефон арқылы хабарласуға: +1 646 370 6331 (вн 0), сондай-ақ https://election.gov.kz/rus/ сілтеме бойынша ҚР Орталық сайлау комиссияларының ресми сайтында қосымша ақпаратпен танысуға болады.