Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай онлайн дөңгелек үстел өтті

Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай онлайн дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылғы 29 қазаны америкалық Джордж Вашингтон атындағы университет жанындағы Абай виртуалды орталығының алаңында шығыстың көрнекті ойшылы Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге орай онлайн дөңгелек үстел өтті.

Талқылауға Джордж Вашингтон университетінің профессоры Питер Роллберг, АҚШ-тың Смитсониан институтының тарих ғылымдарының докторы Пол Тейлор және Қазақ ұлттық университетінің профессоры Әлия Масалимова қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Қазыханов ілтипат лебізін білдіріп, әділетті қоғам құруға бағытталған бірегей дүниетанымды көрсететін әл-Фарабидің ғылыми мұрасының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, онлайн аудиторияға Нью-Йорк қаласында орналасқан «Liberty Publishing House» баспасымен бірге алғаш рет ағылшын тіліне аударылған Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» кітабы ұсынылды.

Дөңгелек үстелдің құрметті қонағы ретінде кітап авторының ұлы, танымал қазақстандық журналист Асқар Әлімжанов қатысып, аталмыш романның шығу тарихына тоқталып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараға қатысушылар әл-Фараби шығармаларының әлемдік ғылыми және мәдени қоғамдастық үшін ықпалын ескере отырып, гуманитарлық салада Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты дамытуда осындай пікірталастарды өткізудің маңыздылығын атап өтті.